Аудандық орталықтандырылған кітапханада 11қыркүйекте оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен «Имандылық жарасады ұл -қызға» атты дін жолында жүрген оқырман жастармен кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарды имандылыққа, әдептілікке, кішпейілділікке тәрбиелеу; оқырман бойындағы имандылық қабілетін арттыру.
Көрнектілігі: «Ұлттың болашағы –діни бірлігімізде» кітап көрме ұйымдастыру, оқырман пікірлерін тыңдау, оқырмандарға имандылық насихаттарын жүргізу.
Бүгінгі таңда елімізде жүз отыздан астам этнос өкілдері тұрады. 17 миллионға жуық халқы бар полиэтникалық мемлекетке айналмақ. Бұл ретте көпұлтты Қазақстанның тарихи сын сағаттарда ұлтаралық келісімнің тұрақты болуы, ең алдымен жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігінен, яғни оның даналығы мен кеңдігінен іздеуге болады. Қазақ ұлтының өткен тағдыры оңай болмағанына сарғайған тарих беттері куә. Сөйте тұра, өз тағдыры қыл үстінде тұрсада , өзінде қаны бөлек ,жаны жат басқаны да құрдымға кетіруге жол берген жоқ. Президент Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздік алған тұста, біздің көп ұлтты еліміздегі татулық пен келісімді сақтауға, оны дамытуға, қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғауға бар күш жігерін салып, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен ынтымақты келісім мен тыныштықты сақтауға ісіне жіті көңіл бөлді.
Осылайша ата –бабадан қалған дәстүр сабақтастығын жалғастырды. Елбасы алдағы дамудың даңғыл жолын саралайтын жылдағы халыққа арнаған Жолдауларында да дін саласына ерекше мән беріп, назардан тыс қалдырмады. Көреген саясатының арқасында елімізде сенімі мен көзқарасы әралуан сан ұлт пен ұлыстың , мақсат- мүдделері ортақ, тату- тәтті, береке –бірлікте өмір сүруге жағдай туды. Ислам-бейбіт дін. Ол осы қасиетімен баурап алып,қазақтың кең байтақ жерінде тамырын тереңге жайды. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, күні бүгінге дейін исі қазақтың бөлінбес еншісіндей болып кетті. Ол да бабаларымыздың қанына сіңген заңдылықтың бір көрнісі. Әрдайым адалдығымен , әділдікке құштар көңілмен , дархандығымен дараланған ата- бабаларымыздың исламды , оның ішінде салт- дәстүр, мінез –құлық , жан-дүниесінің үндестігін дәл басқан Имам Ағзам мәзhабын таңдауы кездейсоқ емес. Бейбітшілік еліміздің берекесін ойлаған бабаларымыз ұрпақтарына ; «Бөлінгенді бөрі жейді» немесе «Өзіңе – өзің бекем бол, қонысыңды ұры тұтпа», «Алла сақтансаң сақтайды », - деген мәні терең сөз қалдырған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Біз тегіміз түрік, дініміз – Ислам » екенін ұмытпауымыз керек екендігін нақтылап айтқан болатын.
Кеш барысындағы фотосуреттер:
Комментарии
Отправить комментарий