Халқымыздың біртуар ұлы, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов.
О. Сүлейменовтың туғанына 75 жыл.
Анықтамалық-кітапнамалық құрал. ОКЖ -Ақтоғай, 2012.-4б.
Қазақстанда 2015 жылғы «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты тарихи трилогиясын насихаттау таңдалды.
Қайта оралған есімдер. Әдістеме-кітапнамалық құрал /Ақтоғай орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Ақпараттық-кітапнамалық оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. Құраст.: Б. Укеева.
Ақтоғай өңірінен шыққан Сарыарқаға өзінің ақындығымен, тума талантымен, шығармашылық өнерімен аты шыққан дарынды азамат. Ұлы ағартушы, ойшыл күрескер, от ауызды ақын Нарманбет Орманбетұлының туғанына 155 жыл толып отыр. Ақынның өлеңдері республика, облыс, аудан басылымдарында бірнеше мәрте жарық көрді. Әдістеме-кітапнамалық құрал барлық оқырман қауымына арналады.

Қазақ өнерінің ту биікте жақыраған ең жарық жұлдыздарының бірі опера әншісі Күләш Байсеітованың туғанына 100 жыл. Күләш апамыздың небәрі 24 жасында КСРО халық әртісі атануы, кездейсоқ емес, осындай ғажайып орындаушылық шеберлігінің жемісі. Әдістеме-кітапнамалық құрал барлық оқырман қауымына арналады.

«Өшпес ерлік-өлмес мұра» атты екі томдық кітабында, Ақтоғай өңірінде өмір сүрген соғыс және тыл ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қайран боздақтарға қатысты өмірбаян деректері жазылған.
«Айтыстың ақберені Шөже Қаржаубайұлының шығармашылық жолы» атты шығармашылығында айтыскер ақынның кім болғаны қайда жерленгені жайында біраз айтыстары жарияланған.
«Өнегелі өмір белестері» жинағына аудан мектебтері мен кәсіптік мектеп оқу орындарында, ұлттық тәрбиені, рухани құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеуге көмектеседі.Әдістеме-кітапнамалық құрал / Ақтоғай орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Ақпараттық-кітапнамалық оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. Құраст.: Б. Укеева.
/библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші/ Ақтоғай орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Ақпараттық-кітапнамалық оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. Құраст.: Б. Укеева.
Қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Туғанына145 жыл.
Комментарии
Отправить комментарий