Тіл менің – қазынам қасиетім

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 22-қыркүйек Қазақстан Республикасы Халқының тілдер күніне байланысты «Тіл менің – қазынам қасиетім» атты тақырыпта К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін тірек мектебінің 8 сынып оқушылыры арасында мақал-мәтелдер сайыс өтті. 

«Ана тілім – асыл мұрам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды.
Оқырмандарды “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорың молайту. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.
Ана тіліміз – әрбір ұлттың ұлы мақтанышы көзінің қарашығындай көретін қазынасы, ел егемендігінің көрнісі. Тіл –кез-келген ұлттың мақтанышы, ұлттық белгісі. Тіл- ұлтымыздың рухани, мәдени байлығын атадан балаға жеткізетін дүние таным құралы. Сондықтан ана тілімізді ардақтап, оның қадір қасиетін жас жеткіншектерге ұғындыру, тіліміздің деңгейін көтеру – әрбір азаматтын парызы.
Мақал -мәтел сайысына қатысқан оқырмандар Тұрсынбек Аружан, Сүйіндік А, Бейсен Ербол, Болатбаев Әлшер, Шаймұрат Ермахан, Тишжан Ернұр т.б оқырмандар сайысқа белсене қатысты.

Комментарии