28.08.2013 ж.
Еліне жаны ашитын, азаматтық намысы бар, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан терін сығып жүріп еңбек етіп жүрген, Жердің де, елдің де иелері өздері екенін ұмытпаған біздің оқырмандарымыз Конституция күнін ерекше қарсы алды.
Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастыруымен Конституция күніне байланысты «Конституция –ұлттың ең маңызды заңды құжаты»атты оқырмандар арасында диспут өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды Ата Заңының бағасын білу, еліміздің басты құжаттарын құрметтеуге үйрету.
Дамытушылық: Оқырмандардың ой- өрісін дамыту,белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету,есте сақтау қабілетін жетілдіріп сөздік қорын жетілдіру.
Көрнектілігі: «Конституция - асқақ абыройымыз» кітап көрме, презентация
Сұрақтарға жауап беруге белсене қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.
Комментарии
Отправить комментарий