Дарыны бөлек дара тұлға мәңгі жадымызда

     Өнер тәуекелі жеткендердің ғана тұғыры, ол батылы барларға ғана құшағын ашады. Сиректер ғана өнерімен өмір сүріп, ғұмырын соған қияды. Балалық шағына жазы жомарт, күзі күйлі Бірлестіктен бастау алған Бүкілодақтық, республикалық, облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері Асылмұрат Аханов пенде болып келген дүниеден пір болып өткен, жаратқанның айрықша мейірімі түсіп, қабілет дарытқан жанның ғана бойына бітетін сирек қасиеті бар екенін дәлелдеп кетті. 
  Осы дарынымыз есімізде мәңгі қалсын деген ниетпен Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде арнайы блог ашылды. 


     Бұл блог арқылы Ақтоғайдың ерекше талант иесі туралы жазылған мақалалар, дарынның алған мақтау қағаздары, түскен суреттерімен таныса отырып, орындауындағы әндерін тыңдай аласыз. 
   Блогты http://aktogaikitab.wix.com/aktogaidyn-asyly сілтемесі арқылы немесе біздің сайт арқылы, яғни www.biblioteka-aktogai.gov.kz сілтемесімен өтіп өлкетану бөлімінен таба аласыз.
    Блогқа қатысты ұсыныстарыңыз бен талантқа деген жылы лебіздеріңізді блогтың «байланыс мәліметтері» бөлімінде бізге хат жазып жібере аласыз.
  Кітапханада Орынбек Жәутіков және Дәртай Садуақасов ағаларымызға да арнайы блог жасалды. Сілтемелері: http://aktogaikitab.wix.com/dartai-saduakasov (Дәртай Садуақасов), http://aktogaikitab.wix.com/jautikov (Орынбек Жәутіков.

Комментарии