Кітапхана түні


        2016 жылдың 29 сәуірінде Тәуелсіздіңтің 25 жылдығы, Қарағандының 80 жылдығымен қатар "Отбасыммен оқимын" атты Кітапхана түні дәстүрлі мерекелік шара өтті. Мақсаты: ауыл тұрғындарын кітапқұмарлыққа баулу, оқуды дәріптеу, жатардың бос уақытын тиімді өткізуіне ат салысу, оқырман тарту, кітапханамен қоғам арасындағы байланысты нығайту.
      Мерекелік іс-шараға Ақтоғай ауданы жұртшылығы мен колледж студенттері, мектеп оқушылары белсене қатысты.
4 топқа бөлінген оқырмандар "Сұхбат" бөлмесінде отбасылар оқыған кітаптарымен бөлісіп, "Кім жылдам" бөлмесінде балалар қиындықтан өтіп , тапсырма орындап, жылдамдық көрсетті, "Көңілді отбасы" бөлмесінде отбасы бірігіп өз тобына жасырынған сөздерді іс-қимыл арқылы жасырды. "Шеберлер" бөлмесінде екі топтың ішінен бір оқырманнан шығып, сурет салудан жарысты. Әр топқа арналған 4 "Квест" бөлмесінде жастар логикалық тапсырмалар арқылы жасырынған код және кілттерді тауып, Қарағанды картасын құрады. Соңында "Караоке" бөлмесінде 4 топ ұялы телефон мен құлаққап арқылы жасырынған әнді, топ мүшесінің бір қатысушысы шырқауынан табуға тырысып, караокемен ән шырқап, соңында топтардың ұпайы саналып, сыйлықтар берілді.

Комментарии