Ауылдық кітапханалардың кітап қорының жағдайы мен оны қалыптастыру мәселелері


Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ауылдық округ кітапханашыларының қатысуымен «Ауылдық кітапханалардың кітап қорының жағдайы мен оны қалыптастыру мәселелері» тақырыбында семинар- тәжірибе өтті.
Аталған тақырыпта өткізілген семинар-тәжірибе мақсаты: ОКЖ кітапханашыларының оқырмандарға заман талабына сай қызмет көрсету мәселесін алға қою, ізденіс жұмысын арттыру,өз ісіне жауапкершілікпен қарау, іс-тәжірибелерімен алмасып отыру мәселелерін талқылау.
Семинар-тәжірибе барысында аудандық кітапхана қызметкерлері өз тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Толықтыру және өндеу бөлімі «Кітап қорымен жүргізілетін жұмыстар» тақырыбында жалпы барлық кітап қорына байланысты жүргізілетін құжаттардың дүрыс толтырылуын қадағалау және кітаптардың есебін шығарып, жыл қорытындысына дайындау тапсырмасын берді.
Библиография бөлімі бойынша « Кітапханада баспа өнімдерін талдау» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. . 
ОКЖ жүйелі техник тарапынан «Кітапханаларды әлеуметтік желілерімен байланыстыру» тақырыбында Фейзбук желісіне жаңалықтар еңгізу жайлы тәжірибелік жұмыс,электронды кітап пайдалану, интернет желісінен алынған электронды кітаптарды тарату және қалай қолдану керектігі жайлы түсніктеме, іс-тәжірибедегі жаңашылдық идеялар, өзара пікір алмасу арқылы жұмыс жасау мәселесі айтылды. Семинар-тәжірибе барысында кітапханашылар «Шығармашылық кәсіби қызметін дамыту» тақырыбында жаңадан келіп түскен кітаптарға кітапханашылардың қаншалықты назар аударатындығы,авторы мен атауларын қандай дәрежеде білетіндігін анықтау мақсатында Әдістеме бөлімі арнайы дайындаған сұрақтарға жауап берді.
ОКЖ директоры мәдениет қызметкерлері күніне кітапханашылардың еңбектерін бағалай отырып, алғыс хаттармен мараппатталды.

Комментарии