Менің елімнің рәміздері


Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапханасында Қазақстан Республикасы Рәміздері күніне орай «Менің елімнің рәміздері» атты тарихи-танымдық сағаты өтті. 
Мақсаты:
• Оқырмандарды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты таныстыру;
• Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне,халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
• Оқырмандарға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту;
Көрнекілігі: ҚР рәміздері, слайд, видео,кітап көрмесі.
Кешке кітапхана оқырмандары,арнай шақырылған қонақтар қатысты.
Рәміздерімізді ұлықтайтын өлеңдер оқылып, әсем әндер шырқалды.
Слайд арқылы жас оқырмандарға ҚР Рәміздері туралы толық мәлімет бере отырып,оларға қызықты сұрақтар қойылды. Әр адам жеке патриот ретінде танымдық сағатымыздың қызықты өтуіне белсене араласты.Келген оқырман «ҚР Рәміздері» атты кітап көрмесімен танысты.

Комментарии