Мәңгілік Ел ашық диктант

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатында 18 мамырда Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті.Ақтоғай ауданы бойынша диктантқа 6 әлеуметтік қызметкер, 29 азаматтық және мемелекеттік қызметкерлер, 12 студент, 15 оқушы және 18 ерікті оқырмандар қатысты. Оның ішінде 42 қатысушы "5", 31 қатысушы "4", 7 қатысушы "3" деген баға алды.

Комментарии