Ұрпақтармен мәңгі жасайтын есімдер

31 мамыр Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған "Ұрпақтармен мәңгі жасайтын есімдер" атты тарихи-танымдық сағаты өтті.Шараға кітапхана қызметкерлерінен бөлек тұрақты оқырмандары да белсене араласып, 1937-1938 жж құрбан болған "Алашшыл", "халықшыл", "қазақшыл" азаматтарымызды еске алды. Сол кездегі жан түршігерлік оқиғалар баяндалған "Қанмен жазылған хат", "Алжир лагері", бейнероликтері көрсетіліп, слайд арқылы көптеген ақпараттар берілді.Кеш соңында абонемент бөлімінің тұрақты оқырманы Әміртаев Мейрамбек "Әлихан монологы"(Н.Кәрім), "Ақтоғайым -арыстардың мекені" (Ү.Жармағанбетов), атты өлеңдерді оқыды. Келген қонақтар "қайта оралған есімдер" кітап көрмесімен танысты.

Комментарии