Ұрпақтары ұмытпайтын -Ұлы Жеңіс

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде "Ұрпақтары ұмытпайтын -Ұлы Жеңіс" атты ауданымыздан шыққан соғыс ардагерлерінің Кинпаев Шагаленнің ұрпағы Есмағанбетова Наташа апаймен қоса Жанкин Рымбай атамыздың қызы Жанкина Қарғаш апайлармен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешінде шақырылған қонақтар оқырмандарға өз әкелері жөнінде естігендерін айтып оқырмандарға енді соғыс болмасын, бал бөбектер ойнасын деп тілектерін айтты. Оқырмандарға арнап "Өшпес ерлік ұрпаққа аманат" атты слайд көрсетілді. "Олар ешқашан ұмытылмайды" кітап көрме ұйымдастырылды. Шақырылған қонақтарға арнап оқырмандар арасында әдеби музыкалық кеш өткізілді.

Комментарии