Өнерлі өрге жүзер

Жанға жылулық пен махаббат сыйлайтын 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арнап аудандық кітапхананың абонемент бөлімі « Өнерлі өрге жүзер» атты мерекелік шара өткізді. Мерекелік кешке Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-интернат оқушылары мен агро - техникалық колледж студенттері қатысты. Ұйымдастырушы С.Кенжебаева, Б. Оңғарбек, Б.Укеева отбасынан алыс жүрген оқушылардың көңіл- күйлерін көтеру мақсатында вальс билеуді үйретіп, музыкаға қосыла ән шырқады. Көңілді музыкамен басталған шарада жас оқырмандар викториналық сұрақтарға жауап беріп, галстук байлау, үстелге әдемілеп салфетка қою, вальс билеуді тамашалап, үйренуге тырысты. Кітапханашылар ұйымдастырған «Шіман апа» көрінісі үлкен-кішіні мәз етті. Кеш соңында оқушылар сыйлақтарын алып, сыйға тартқан дәмді торт жеп, мәз- мейрам болды. Осындай шағын мерекелер көпшілікті татулыққа баулып, бауырмалдыққа үйретеді.

Комментарии