Тоқыма тоқып үйренейік

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тоқыма тоқып үйренейік» үйірмесі оқырмандар арасында өткізілді. Үйірмеге Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің және К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін тірек мектептерінің 4-7 сынып оқушылары Жазымхан Айтолқын, Жұматаева Арай, Айтжанова Марал, Жағыпар Әдемі, Әсетқызы Назерке, Шаймұрат Алиналарға кітапханшы Жампейсова Айзада шұлық тоқуды үйретті. Оқырмандар тоқыма тоқуға өз қызығушылықтарын көрсетті.
Мақсаты: Ұлттық қолөнеріміздің бір түрі тоқыма тоқу түрлерін таныстыру, шұлық тоқып үйрену, қолмен тоқу өнерін жан-жақты таныстыру, тоқыманың тұрмысқа қажеттілігімен қазіргі өмірде алатын орнын әңгімелеу, оқырмандардың ой-өрісін дамыту.

Комментарии