Кітап дәуір айнасы

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 23-сәуір Дүниежүзілік кітап күніне байланысты «Кітап дәуір айнасы» атты тақырыпта кітап апталығына Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4-7 сынап аралығындағы оқырмандардың қатысуымен «Кім жылдам – кім тапқыр» атты ойлан тап сайысы өтті. Сайыста 3 топқа бөлініп, (жұмбақ шешу, мақал-мәтелдердің жалғасын тап, сөз құрастыр және оқыған кітаптар туралы әңгімелеп беру) өткізілді. Кітапханшы Жампейсова Айзада «Кітап дәуір айнасы» атты кітап көрмесін оқырмандарға таныстырды. Шарамызға Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Ұлтыкиеова Гүлзинаттың жетекшілігімен сайысқа қатысқан оқушылар; Жазымхан Айтолқын, Джуматаева Әсем, Курбатов Ержан, Қуандық Жанәли, Наржанов Владимир, Наржанов Виталий, Серікбол Фархат, Айтжанов Бегайдар, Мұратқызы Индира, Ерланұлы Сайран, Болшынбай Уалихан. «Кім жылдам – кім тапқыр» сайысына қатысқан оқырмандарға сый-сиапат көрсетілді. Оқырмандар өз ризашылықтарын білдірді.
Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп, кітапқа деген қызығушылығы арттыру, кітаптың шығу тарихы жайлы түсініктерін кеңейту, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу.

Комментарии