Кітап рухани қазына

23 Сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітап рухани қазына» атты ашық есік күні өткізілді.Келген оқырмандарға библиосеруен ұйымдастырылды. Оқу залына алғаш келген оқырмандар үшін оқырмандарға тұрақты ұйымдастырылған кітап көрмелермен таныстырылды. Онда «Ел мен Елбасы мұраты – мәңгілік ел», «Ақтоғай алтын бесігім», «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,Жыраудың ғұмыр белестері» Сонымен қатар «Бір ел – бір кітап» акциясына орай жасақталған көрмедегі жазушылар мен олардың шығармалары жөнінде ойларын айтып Шәкәрімнің өлеңдерін оқып, Н.Келімбетовтың, Б.Момышұлының өмірбаянымен танысырылды. Сонымен қатар Оқу залы бөлімінің аясында ұйымдастырылған «Жыр -жаухар» клубында ұйымдастырылған Ақтоғайдың ақиық ақындарына арналған кітап көрмемен таныстырылды.Жерлесіміз ақын Ж.Қашқынов, Д.Стамбеков, А.Бөкен ,С.Ақсұңқарұлының шығарған өлеңдерінен мәнерлеп оқудан жарыс ұйымдастырылды.Сонымен қатар оқу залының кітап қорымен таныстырылды.

Комментарии