Кітап –даналардың данасы

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2 – сәуір Халықаралық балалар кітап күніне орай «Кітап –даналардың данасы» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін тірек мектебінің 4- сынап оқушылары қатысып, өздерінің оқыған кітаптарын мазмұндап айтып берді. «Кітап –даналардың данасы» атты тақырыпта ұйымдастырылған кітап көрмесімен, кітапханашы Жампейсова Айзада оқырмандарға таныстырды.
Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқурмандарға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау.

Комментарии