Тыл ардагерін құрметтейік

Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 73 жыл толуына орай «Тыл ардагерін құрметтейік» атты кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты; Оқырмандарды Отан сүюге, оны қорғауға баулу, оларға патриоттық тәрбие беру, соғыс жылдарында Қазақстан халқының майданда көрсеткен еңбегін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп,тыл ардагерлерге құрмет көрсету.
Кездесу кешін оқу залының аға кітапханашысы Жұмажанова А кіріспесөзбен ашып, «Ерлік таңқы өшпейді» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.
Кеш барысында оқу залының кітапханашысы Ж.Балтабаева шақырылған қонақтарды таныстырып, кешті жүргізді.Онда шақырылған тыл ардагерлері Қапасова Мәнкен, Көкенов Хамит, Айбосынов Әбіл,Шакиров Төлеуғазы,Сатеков Мәдениет,Жақсыбаев Тұрсынбек, Балқыбеков Болат Жыл артында жыл салып, көкті тіліп,қара жердің төсін жыртқан зеңбірек даусының басылғанына 73 жыл.Қаһарман әр ұлтты Кеңес халқы адам айтқысыз зардаптар шегіп,қисапсыз құрбандарға төзіп жеңіс тұғырына жетті.Бүгінгі ұрпақтың бақыты үшін қан төккен әкелер мен апалардың даңқы еш уақытта өшірілмейді. Болашақ үшін қан майданда жанын пида еткен жауынгерлердің рухына және бүгінгі ардагерлерге бас иіп тағзым етейік! Ардақты ардагерлер! Ет жүрегі Отан деп соққан ағайын! Баршаңызды Жеңістің 73 жылдығымен құттықтап ,тыл ардагерлер сөз сөйледі.Онда Жеңіс оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды.Ер азаматтар майдан даласында су кешіп, жаумен бетпе –бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар ер азаматтардың орнын басып еңбек етті.Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ сол соғыс ауыртпалығын көзімен көріп басынан кешірген тыл ардагерлері қатысқан оқырмандарға айтып берді.
Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры З.Сатекова қорытындылай келе шақырылған қонақтарға сый –сияпаттар тапсырды.

Комментарии