Тәңірім өлең берді таңдайыма

Қазақстан жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалы және Ақтоғай ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен cуырып салма айтыскер ақын Шөже Қаржаубайұлының туғанына 210 жыл толуына байланысты «Тәңірім өлең берді таңдайыма» тақырыбындағы ғылыми – танымдық халықаралық коференция өткізілді. Бұл бас қосуға Қырғызстан Республикасы, Талас облысы, Бакай ата селосы, «Айыл жаршысы» газеті қызметкері, Шөже ақынды зерттеуші, журналист Жоомарт Бейшеналиев, Карағанды мемлекеттік университетінің «Менеджмент» кафедра меңгерушісі орынбасары, доцент Қазбеков Тұрлыбек Бергібайұлы, Қарағанды қаласының Болашақ академиясының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Азат Махсұтбекұлы Бабашев, Балқаш қаласынан кәсіпкер, Шөже басына ескерткіш орнатуға қатысқан, «Ел ардақтысы» медалі иегері Серік Қасымбеков, облыстық мәслихат депутаты, меценат, «Тіл жанашыры», «Алтын жүрек» төс белгілері, ҚР «Шапағат» медалінің иегері Бекзат Қомарұлы Алтынбеков, өлке зерттеуші Балқаш қаласынан Қарағандыдан ардагер журналист Қасым Орынбетов Ыхметұлы, Күләш Сардарбек, Шет ауданынан Файзулла Нұржанов, және аудан көлеміндегі өлке зерттеушілер Жақсыбаев Тұрсынбек, Гаухар Омарова, Гайныкен Әбдрахманов, Торғай Бейсекова, Бибігүл Сүлейменова, мұғалімдер Жайлау Айтбаев, Асқар Сейдахметов, Қабиева Тілеулес, Қарағанды қаласы айтыс өнері мектебінің директоры Айтбай Жұмағұлов және балауса ақындар, ақындар Айгүл Түсіпбекова, Амантай Тойшыкенов, Қуаныш Мақсұтов, Еркебұлан Мүтайұлы, Нарманбет танушы Амангелді Туғанбаев, бір топ Қызыларайлық азаматтар, т.б. аудандық басқарма, бөлім, мекеме басшылары, меценаттар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ардагерлер Оразбек Рахымбеков, Қайырқұл Сүйіндіков, Манағұл Стамбеков, Қаленова Нұргүл – облыстық Ж. Бектұров атындағы кітапхана қызметкері жастар, тарихшы-ұстаздар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып, өз баяндамаларын оқыды.
Конференция барысында "Шөже дүйім жұртқа даңқы тараған суырып салма айтыс ақыны" атты көрмемен Укеева Бақыт таныстырып өтті. Ардагер ұстаз , өлке зерттеуші Ақпанбева Торғай мұғалімнің жинақтаған ақпараттары "Тәңірім өлең берді таңдайыма" атты кітаптың жарық көруіне көп көмегі тиді. Қатысушыларға мың алғыс білдіреміз!

Комментарии